№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Біз кімнен кембіз?

Әлқисса. Басынан баяндайын, 1894 жылы Австро-венгр құрамына кіретін Млада-Болеслав қаласында кітап сатумен айналысып жүрген Вацлав Клемент есімді кісінің шаруаға мініп жүрген велосипеді бұзылып қалады.

Ол сол кезде Чехияда өкілеттілігі бар, велосипед жасап сатумен айналысатын «Зайдель және Науманн» («Seidel & Naumann») деп аталатын неміс фирмасына сынған велосипедін апарып өткізеді де, тауар кепілдігіне сай жөндеп беріңдер деп хат тапсырып кетеді.
Алайда Вацлав жөнделген велосипедінің орнына «Егер сіз өз сұранысыңызға дұрыс жауап алғыңыз келсе, онда біз түсінетін тілде жазыңыз!» деген мәтінде неміс тілінде жазылған жауап хат қана алады.
Немістердің мынадай тәкаппар түрде тіл қатқанына намысы қозған ол, қолынан техника шұқылау келмесе де, велосипед жөндейтін шеберхана ашуға бел буады, кейінірек ісі алға басқан соң, шеберханасын велосипед құрастыратын жекеменшік шағын зауытқа айналдырады, тіпті, көп ұзамай мотоцикл құрастырып сату ісін жолға қояды...
Ал, сіз оның орнында болсаңыз кәйтер едіңіз? Меніңше, сайтанарбаны одан әрі сындырып, не болмаса, неміс тілін меңгеруді мақсат етер ме едіңіз? Жә, намысқа тырысып, өз туған тіліңіз үшін күреспейтініңіз айдан анық. Ал, Клемент ше? Туған ана тілін қорлатпады, кім екенін, қандай қайсар ұлт екенін дәлелдеді емес пе?
Ол осы қарқынмен үлкен кәсіпті еңсеріп, 1905 жылы Вацлав Клемент өзінің алғашқы жеңіл автомобилдерін құрастырып сата бастайды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүк машиналарын құрастырып, оның зауытынан шыққан машиналар алыс-жақын шет елдерге тез таралады...
Міне, осылай автомобиль әлемінде «Škoda Auto» концернінің тарихы бір адамның ұлттық құндылығына деген сүйіспеншілігінен пайда болады...Айтса адам наңғысыз, дерсіз! Немістің техникасын басып озды...
Хош. Қарапайым кітап сатушы веңгерлік ұлтжандылық жігерінің арқасында әлемде теңдесіз техника туындысын шығарып, туған елінің экономикасын дамытып, алпауыт елдермен терезесін теңестіруге өмірін арнады. Міне, біздің елдің кәсіпкерлеріне осындай құлшыныс үлгі болуы керек! Әлде Венгр баласынан кембіз бе?!

Мақпал ПАТЕНОВА
29 қаңтар 2021 ж. 763 0