Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Автокөлікке айналған велосипед

Автокөлікке айналған велосипед


Велосипедтен көлік жасап алған азамат әлемді тәнті етті, - деп жазды ERNUR.KZ порталы.

         Қазіргі дамыған технология заманында велосипедтердің сан түрі нарықта жүр. Тіпті, өнерлі қолдар мен қабілеттің арқасында көлікке айналғандары да бар. Технология жетістіктерінің және өнертапқыш адамдардың арқасында көліктің, техниканың және велосипедтің керемет үлгілері жасалып жатыр. Тіпті, жылдамдығы автокөліктен кем түспейтін, кәдімгі заманауи құрылғылармен жабдықталған «шайтанарбалар» да бар. Бірақ, мына азаматтың өз қолымен жасап шығарған өнертабысы көптің назарын өзіне аударып үлгерген. Автокөлікке айналған велосипед Швециялық Микаэль Кьельман атты азамат өз велосипедінен автокөлік құрастырып шығарған және оны «PodRide» деп атаған. Басқыштар арқылы қозғалатын бір орынды жабық көлік құралында жүрісті жеңілдететін қосымша электр қозғалтқыш та бар. Велоавтокөліктің ішіндегі ауа қалпы мен жылуды сақтау үшін қаңқасын матадан жасаған. Тіпті, керек-жарақ немесе азық-түлік қапшықтарын салатын шағын жүк салғыш та бар. Микаэль Кьельманның айтуынша, ол өзінің өнертабысын күн сайын пайдаланады. Басқыштарды айналдыру арқылы жүретіні болмаса, өте тиімді екен. Сонымен қатар, көлікке тіркеме қосып ауыр заттарды тасымалдауға да болады. Көліктегі электр қозғалтқыш электровелосипедтен алынған. Бір қозғалғандағы жүріс қоры – 60 шақырымды құрайды. Ең жоғары жылдамдық (қозғалтқыш күшін қосқанда) – сағатына 25 шақырым. Алақандай жерден бұрылып кете алатын көліктің өлшемдері - ұзындығы 1,8 метр, ені 75 см, биіктігі 1,45 метр, салмағы – 70 келі. Қазір швед өз өнертабысы арқылы ұсақ өндірісін бастауға арналған құралдарды жинап жатыр екен. Сондай-ақ, 30 000 АҚШ доллары шамасында қаражат жұмсалатын «IndieGoGo» велокөлігін құрастыру ойында бар. Ал, Микаэльдің таңдай қақтыратын ісіне қызыққан 300-ден астам адам оның ісіне қолдау көрсетіп жатыр.
20 қаңтар 2019 ж. 828 0