№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Тайырдың таңданысы

Тайырдың таңданысы

Белгілі сатырик-жазушы Ермахан Шайхыұлының қалжыңға толы әңгімесін оқи отырыңыз.


Кеңес заманының тұсында тасқа басылатын кез келген шығарма міндетті түрде әдеби талқылаудан өтетін үрдіс болған екен. Цензураның ақ дегені алғыс қара дегені қарғыс болған кез болса керек. Қазақстан Жазушылар Одағындағы сондай бір жиын көзі тірі кезінде классик атанған Тайыр Жароков жинағына арналады. Автор мінбеге шығады да жарық көрген туындыларын түгел оқып береді. Үзіліске шығар алдында ақын ұзақтау бір шығармасын оқыған көрінеді. Тыста темекі тартып тұрған Тайыр Жароковтың жанына қарағандылық ақын Қабыкең Мұқашев келеді де:
– Тайыр аға, әлгі өлеңініздің екінші бөліміне жете түсіне алмадым. Автор ретінде түсінік беріңізші, –депті өтініп.Сонда Тайыр Жароков манадан бері әңгімелесіп тұрған Мұзафар Әлімбаевқа қарап:
  • Мына бауырым қызық қой өзі. Сол өлеңді өзім түсініп жазып па екенмін, –депті.
Ермахан Шайхыұлы.
«Атақты айтқыштар».
22 қаңтар 2021 ж. 446 0