Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тайқазан – жай қазан емес

Тайқазан – жай қазан емес

Егемендік алуымызбен бірге қаншама асылдарымызбен қауыштық. Соның қатарында Эрмитажда тұрған тайқазанның елге қайтарылғаны белгілі. Бұған дейін Ресей жерінде төрткүл дүниеден келетін туристердің көзайымына айналған жәдігердің хабарын сырттай естіп, бір көруге ынтық болып жүрген ауыл қазағы үшін қазір ол аяқ жетер жерде тұр. Ал ол кезде... Бұл туралы “Темірқазық” айдарында біздің сұхбаттасымыз Үмбет Әбибуллаевтың айтары төмендегідей:

– Сексенінші жылдары Лениннің туғанына 110 жыл толуына орай облыстық кәсіподақтар басқармасы байқау жариялап, соған СПТУ-дан қолөнер шебері Әлібеков Тұрсынбай екеуміз қатысатын болдық. Мен Лениннің шалаш алдында отырған мүсінін жасап, ал Тұрсынбай бор машинаның үлгісіне салып өз қолынан жасаған жәдігерін алып барды. Жюри төрағасы – кәріс азаматы көрме жұмысын бағалағанда Тұрсынбайдың еңбегін зкспонат емес, макет деп мойындамай сынға алды. Бұған Тұрсынбай келіспей жұлқынып алға шығып, қолындағы өз дүниесін жұлып алып, «это не макет, настоящий экспонат», деп сол айтқанын дәлелдеп берді де тарс-тұрс шығып кетті. Қай жерде болмасын турасын айтпаса тұра алмайтын кәдімгі өзіміз білетін мінезіне салып. Ертесі директордың не біітіріп қайттыңдар дегеніне Тұрсынбай қырып қайтты деп болған жайды баяндап беріп едім, Мақаң шын пейілмен күліп алды да «оны бері шақыр» деді. «Не, тағы да көрме ме?» деп кіжірейген Тұрсекең менімен еріп кабинетке бас сұқты. Директорымыз Мақсұт Ибрагимов оған кешегі жқмысының Бас жүлде алып, соған орай басқармадан бір айлық көлемінде премиальный тағайындау жөнінде нұсқау келгенін айтты. Міне, әділдіктің салтанат құруы деген осы.
Келер жылы өткен халық шаруашылығы көрмесіне қатысып, жүлде алғаным үшін Ленинград қаласына «Этика, эстетика- біздің өмірімізде» атты арнайы экскурсияға жолдама алдым. Ол екі жарым айға созылды. Сол сапарымда әкемнің маған қатты дайындаған аманаты – Эрмитаждағы тайқазанды көріп, оған садақа салуым қажет болды.
Қазанға тиын-тебен тастау қай кезден бері үрдіс болған, бұл ненің белгісі, әлі де зерттей-зерделей түсетін мұнда бір мазмұн жатыр. Бір анық нәрсе, қазақ үшін қазан деген ең киелі ұғым. Ол – асыраушы. Ол тіпті бүтін оттың басы, жылуы деген ұғымды да білдіреді. Махамбет өлеңіндегі «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік» дегенінде қасиетті отаны мен қара қазанды біртұтас ұғым ретінде алып отыр емес пе?
Сонымен, демалыс күні мен өзім Эрмитаждағы Тайқазанды көруге келдім. Шынымды айтсам, алған әсерім онша болмады. Диаметрі екі-үш метрден аспайтын металдан құйылған шой қара қазан. Оның қапталында Екатерина императрица құйдыр­ған көлемі 16-18 метр келетін гауҺартас көмкерілген гүл егетін құмыралар жарқ-жұрқ көз тартып, есіңді алады. Жұлдыз кейіпте кескінделген қырғыз бауырларымыздың қолынан шық­қан мешіт макетіне де шебердің барын салғаны көрініп тұр. Бірақ бұлардың барлығы беріде, соңғы ғасырлар ширегінде пайда болған жәдігерлер, ал тайқазан... Оны соқтырған әлемнің жартысын билеген атақты Әмір-Темірдің заманы қайда жатыр, әйгілі мұраның даңқы да сол көне заманның көзі екендігімен асқақтап тұр.
Қалтама қол салып екі бес сомдықты қазан түбіне тастадым. Қапелімде әкем айтқандай жетпіс тиын немесе жеті сом болмады, ары қарай көрмені жағалап бұрылсам әлгі салғанымды қолындағы таяғымен еден жуушы кемпір алып жатыр екен. Көрмеген болып өте беріп едім, «сынок, – деді ол маған қарап, – сенің салған ақшаңды алып жатырмын». – Ала беріңіз. Мен тастадым, ары қарай онымен жұмысым жоқ, - дедім. Қандай мұсылман келсін қойған ақшасын алғаныма осындай бір жауап аламын. Неліктен? – деп аңыра қарады.
– Ислам дінінің ізгілігі сонда қайырға деп салынған садақаның есебін сұрамайды, – деп жауап бердім де, өзіңіз неше жылдан бері істеп келесіз? Жалпы мұнда түскен қаржы тіркеуге алынбай ма, деген сауалымды қойдым. Бұл жердегі басқа ескерткіштерге ешкім еңкейіп ақша салып жатқанын көрмепті. Ал қазанға мұсылмандар міндетті түрде ақша салатын көрінеді. Оны әкімшілік есепке алып егелік етпейді екен. Өзінің бұл жерде жұмыс жасап келе жатқанына он жыл, бұдан бұрын туған апасы зейнетке шығып, бұған орнын босатқанда «мені бұған дейін асырап келген қазан сені де асырайды» деп ақыл берген екен. Орыс кемпірі осыны айтып көзіне жас алды. Ия, қасиетті қазан бүкіл адамзаттың асыраушысы ғой деген ойдан менің де көңілім толқып кетті.

Киелі елдің келешегі зор

– Туған жердің тарихын қопара зерттейтін археолог маман болмасаңыз да осы тақырыпқа әрдайым құлағы түрік жүретін, тіпті хобби етіп алған жанашыр тұлғаның бірісіз ғой. Кенге толы қойнауы бар, мал қаптаған жайлауы бар деп мақтанатын өрісті өлкеміздің бүгіні мен келешегі туралы қандай ойларыңыз бар?
– Жер асты материалдық құндылығы санаулы жылдардың еншісі. Оның да таусылатын, түгесілетін кезі болады. Ал мынау өзіміз тұрып жатқан қасиетті топырақ астында кезінде талай мемлекеттің астанасы болған отызға жуық құмға жұтылған қала жатыр. Оның тарихы мәңгілік.
Ақтас мешіті, Қорасан ата кесенесі, одан басқа әулиелі тұлғалар мәңгілік қоныс тапқан мовзолей ескерткіштеріміз өз алдына. Бұлардан басқа әлі құжатталмаған Ордакент төбесі, Қостөбе деп аталатын тарихи орындар бар. Осы Жаңақорғанның өзінде 68-ге жуық қорым бар. Оның барлығы түгел зерттеліп біткен жоқ. Бірнешеуі осы орталықтың өзінде, оның үстінен жол салынып, тұрғын үйлер қоныс тепкен. Бүгінге дейін бүлінбей жеткен қорымның бірінде қару-жарағы қоса жерленген Алтын адамның табылуы қоғамда үлкен сенсация туғызған жоқ па? Шындап айналысатын болсақ туған жер қойнауындағы құпиясы ашылмаған қорымдар одан да үлкен жаңалыққа кенелтері мұмкін. Тек, бізде соған үлкен жанашырлық, ынта-ықылас, ең бастысы қамқорлық қажет.
Асылдарымызды аялап, тұғырымызды тіктеп, қолда бар жауһарларымыздың қадірін білгенге Жаңақорған – тұнып тұрған жәдігердің Отаны. Тек бізде мұны жарнамалау жағы жолға қойылмаған. Осыны жарқыратып көрсете білу үшін туризмді жолға қойған елдердің тәжірибесін алуымыз керек. Сөйтіп тірлігімізді жолға қоя білсек тұнып тұрған туризмнің ең қажетті алғышарты – инфрақұрылым бізде шешіліп тұр. Тек қолда бар зәулім ескерткіштер маңайында жағдай қалыптастыру, яғни сервисті жолға қою, екінші тарихын терең білетін маман гидпен қамтамасыз етілсе шетелдіктердің назарын бұрып, қызығушылығын арттыруға әбден болады. Мұны жергілікті халықты әлі жүз жыл асырайтын абыройлы қадам деп түсіну әділеттірек. Өз басым осы бағытта тынбай жұмыс жасауға ниеттеніп отырмын.
– Рахмет. Келешек талабыңызға тәңір өзі жар болсын.

Баян ҮСЕЙІНОВА
20 қыркүйек 2020 ж. 1 149 0