№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Келелі кездесу

  Жақында кент орталығындағы «Әлшекей» атындағы өнер мектебі ұжымы ұстаздары мен шәкірттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің бас консультанты Оңғар Дәнебековпен кездесті. Ондағы мақсат – қоғам індетіне айналған кеселмен күресу туралы жастар санасына құйып, жемқорлыққа жол бермеуге үндеу болатын.
  Адалдықтың ақ жолын аттамауды аманат етіп қалдырған бабалар ізімен жүруден бүгінде айнығанымыз рас. Десе де, сыйбайластық дертімен күресу ортақ міндет. Сондықтан, аға буын ретінде өскелең ұрпақтың бойындағы таза сананы ластап алмау үшін бүгіннен бастап қамдану керек. Сонда ғана ертеңіміз нұрлы, келешегіміз кемел болары анық, – деді бас консультант.
Сондай-ақ, Оңғар Жидебайұлы сөз барысында елде сыбайлас жемқорлықпен күрестің қаншалықты дәрежеде жүргізіліп жатқандығы және қандай лауазым иелерінің осы лас әрекетпен ұсталғандығы жөнінде толыққанды мәліметтер берді.
Елбасы жылдағы халыққа арнаған Жолдауында жемқорлық мәселесіне ерекше тоқталады. Бас консультан қоғамда орын алатын мұндай келеңсіз әрекеттермен халық болып жұмыла күресудің тиімділігі, оған төзбеушілік туралы, бұл тұрғыда агенттіктің жүргізіп жатқан жұмыстарды да тілге тиек етті. Хабарлама соңынан кездесуге қатысушылар бас консультантқа өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын беріп, оған жауап алды.
Кездесуді қорытқан өнер мектебінің директоры Қалдыбай Қошқарбай мектепке арнайы келген Оңғар Жидебайұлына рахметін айтып, соңынан дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлы атындағы өнер мектебінің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

ЕрубайҚАЛДЫБЕК.
21 қараша 2018 ж. 929 0