№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Димаш Қонаевтың сөзін желіде бөлісіп, елді риза қылды

Димаш Қонаевтың сөзін желіде бөлісіп, елді риза қылды

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Дінмұхамед Қонаевтың көзі тірісінде айтып кеткен бір ауыз нақыл сөзін жариялап тыңдармандарын қуантты.
Күнделікті өмірде де, жұмыста да үш қасиетке арқа сүйедім. Олар – қарапайымдылық, адалдық, табандылық. Екі нәрсені: "Ақылдан сабыр артық, теңдесі жоқ байлық – қанағат" деген шығыс даналығын жадымда ұстадым. Қандай жағдай болмасын, сабыр сақтап, мейлінше қарапайым болуға ұмтылдым,-деген Димекеңнің сөзі екен.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – кеңестік партия және мемлекет қайраткері.


1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев "Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін" деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды. 


11 қараша 2019 ж. 2 528 0