№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Нағыз қазақ – домбыра

Нағыз қазақ – домбыра


Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық клуб үйінде өткен «Халық талғамына сай қызмет көрсетудің жаңа әдістемесі» атты семинар-кеңестің бір тақырыбы домбыраға айналды.

Қазақ ұлтының болмыс-бітімін, ұлттық кодын білдіретін музыкалық аспап – домбыра. Ғасырдың үні мен заманының сырын сақтаған домбыра әуезі кез келген қазақтың құлағының құрышын қандырып, делебесін қоздырады.
– Әлем халқы қызыға қарайтын домбыраны жас өренге үйретудің өзіндік қыр-сыры бар. Шеберлік сабақта соны талқыладық. Алдыңда отырған шәкіртіңе домбыра тартудың шеберлігін дұрыс меңгерту үшін, оның бар ынта-ықыласын өзіңе қаратып, оқушының ыңғайлы отыруын қадағалау керек. Сонда ғана олардың өнерге деген қызығушылығы артып, өнерді бағалай біледі, – деді «Әлшекей» атындағы халықтық ұлт аспаптар ансамблінің жетекшісі Бәден Айсынов.
«Күй құдіреті» атты домбыра үйірмесінің жетекшілеріне дирижер, сазгер Бәден Айсынов пен аудандық мәдениет үйінің домбыра үйірмесін жүргізуші Назерке Жәнібек шеберлік дәріс өткізді. Оған Төменарық, Қожамберді және Қожакент ауылының домбыра сабағының жетекшілері мен шәкірттері қатысты. Қожакенттік Фархад Бакиров пен төменарықтық Жұпар Түменбаеваның шәкірттері өзара домбыраның қос ішегінен күй төксе, соңыра Құрманғазының «Балбырауын» күйін қатысушылар бәрі бірге орындап, күй құдіретін сезіндірді.
21 қыркүйек 2019 ж. 1 054 0