№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

№42 (8956) 6

06 маусым 2026 ж.

№41 (8955) 2

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды

ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды


Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертеді. Онлайн-груминг - бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі.
Әдетте бәрі әлеуметтік желіде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе танымал интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады. Қаскөй сенімге кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстыруы мүмкін.
Қаскөй бала үшін "жақын досқа" айналуға тырысады: күн сайын хабарласып, ерекше көңіл бөледі, оның жеке өміріне, ішкі уайымдарына қызығушылық танытады. Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады.
Одан соң қаскөй фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді немесе жеке тақырыптардағы әңгімелерге көшуді сұрайды. Сонымен қатар мұндай әңгімелердің қалыпты жағдай екенін айтып, хат алмасу туралы ешкімге айтпауды талап етуі немесе психологиялық қысым көрсетуі мүмкін.

Сабина ӘШІМХАН
09 маусым 2026 ж. 57 0