Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 772

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 57

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Желідегі жарнаманы таңбалау ережесі

Желідегі жарнаманы таңбалау ережесі

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойғаны белгілі. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында аталған құжатта көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі жайында пікір білдірді.
Сала басшысының айтуынша, заң жобасы елімізде қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. «Біз зерттеген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөліне және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар онлайн-жарнаманың ашықтығын арт­тыруға бағытталған талаптарды көздейді. «Әділет» порталында желідегі жарнаманы таңбалау ережелерін белгілейтін бұйрық жарияланды», деді Аида Балаева.
Министр бұл ережелер биз­нес­ке әсер ету үшін оң баға­лан­ғанын және толығымен еліміз­дің онлайн сегментінде кең тарал­ған қазіргі тәжірибеге негіз­дел­генін атап өткен. Осы ере­же­лерді қалыптастыру кезінде ком­мерциялық негізде орналас­тырылған контентті өз бетінше белгілейтін медиа-субъектілер тәжірибесіне сүйенгенін тілге тиек еткен ол өз кезегінде осы трендті елдің бүкіл интернет ке­ңіс­­ті­гіне тарату жөн деп есептейді.
Аида Балаева осы ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарт­тық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс екенін айтады. Олар жария­ланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсетуі керек. Министр бұдан әрі «жарнама»; «жарнамалық мате­риал»; «серіктестік материал»; «демеу­шілік материал»; «жарнама құқығында»; «демеушімен төлен­ген»; «PR құқығында» секіл­ді таңбалар тізбесін ұсынды.
«Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және ком­мер­циялық емес сипаттағы бас­қа да қоғамдық пайдалы мақ­­сат­тарға қол жеткізуге бағыт­талған) және жедел хабар алмасу қыз­меттерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы белгілеудің қажеті жоқ», деп атап өтті министр.
Айта кетсек, аталған ережелер осы жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енбек. 
22 ақпан 2024 ж. 867 0