Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Қарилар конкурсы өтеді!

Қарилар конкурсы өтеді!


Құрметті Жаңақорған ауданы тұрғындары!
Жаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен ӘПЕТОВТЕР әулетінің қолдауымен ауданымызға белгілі тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері ӘПЕТҰЛЫ АМАНТАЙ мен жары, Батыр ана ӘБДІКЕРІМҚЫЗЫ ҰЛДАНАЙ қажының рухына арнап «Құран Кәрімді жатқа оқудан» байқауы өтетінін хабарлаймыз. Байқау “Әл-Мумин” мешітінде 7 тамыз күні сағат 9-да басталады. Құран жарысқа кент мешіттерінің шәкірттері қатыса алады. Тіркелу үшін +7 702 540 27 96 нөмеріне хабарласыңыз.
Байқау жеңімпаздары Әпетовтер әулеті тағайындаған сый-сияпаттармен марапатталады. Байқаудың Бас жүлдесін иеленген шәкірттің ұстазына Қасиетті Меккеге – Умра қажылыққа жолдама берілетінін айта кеткен жөн.
Байланысу үшін: +7 702 540 27 96 Нұржігіт ұстаз.
Қадірлі ағайын құран жарыс шарасының жүлдегерлерін марапаттау куәсі болып, осы күні сағат 12.00-де ата-анамыздың рухына арналып берілетін арнайы астың ішінде болуға шақырамыз.

Ас иелері: Әпетовтер әулеті.
17 шілде 2025 ж. 1 996 0