№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қызмет алушыларға сапалы ақпарат ұсынылу қажет

Қызмет алушыларға сапалы ақпарат ұсынылу қажет

  Департамент тарапынан азаматтардың құықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ерекше басымдық беріледі. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
   Ағымдағы жылдың ақпан айында Арал ауданының тұрғыны Департаментке жер учаскесін табыстау бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту фактісіне сәйкес шағымданды.
   Аталған шағым бойынша Департаментпен сұрау салу арқылы тексеру жұмыстары жүргізіліп, қызмет алушыға мемлекеттік орган тарапынан мемлекеттік қымет көрсету қағидалары бойынша дәйексіз ақпарат берілгені анықталды.  Осы ретте, Департаменттің хатына сәйкес кінәлі тұлғаның жауапкершілігі қаралып, Арал ауданы тұрғынының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
         Атап өту керек, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да департаменттің жіті бақылауында болады.
         Егер де Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.

Булебаев Е.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша  департаментінің
бас маманы 
28 наурыз 2024 ж. 2 784 0