Департаментпен азаматтар құқықтары қашықтықтан қорғалуда
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары сәйкес өкілеттілігі шеңберінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсету тәртібін бұзу, мерзімін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету фактілері бойынша қашықтықтан мониторинг жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету - мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құрамдас бөліктерінің бірі. Адам дүниеге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.Туу туралы куәлікті алудан бастап азаматтың қайтыс болуы туралы анықтамасын беру де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.
Бүгінгі таңда, қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, әкімшілік кедергілерді, қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы артуда.
Осы ретте, Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы - мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің брі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымды қалыптастыру кезінде шағымданатын мемлекеттік органның атауын және шағымданатын мәселені толық ашып жазу қажеттілігін есіңізге саламыз.
Шағымда көрсетілген мән-жайлар расталатын болса Департамент тарапынан қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі рұқсат беру құжаттары болып табылса, қызмет берушіге тиісті Әкімшілік айыппұл салынатын болады.
Департаментпен шағымды қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары, Департаменттің басты бағыттарының бірі - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, осыған орай мемлекеттік қызмет алу барысында кедергілермен кездесетін болсаңыз Департаментке хабарласуларыңызды сұраймыз!
Динара ТЛЕПБАЕВА,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы