Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Қауіпсіз жаңа жыл, пиротехника іс-шарасы өткізілуде

Қауіпсіз жаңа жыл, пиротехника іс-шарасы өткізілуде

«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау» мақсатындағы Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері 2023 жылдың 28 желтоқсан күні Жаңақорған Аграрлы-техникалық колледжінің студенттеріне «Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік және «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Өрт қауіпсіздігі», «Мұздағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Үгіт-насихат жұмыстары барысында пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану жағдайында қауіпсіздік ережелері қатаң ескертілді.

1. Тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға;

2. Тұтанған және жанып болған, сонымен катар тұтанбай қалған жағдайда пиротехникалық бұйымдарды қарау үшін еңкеюге;

3. Пиротехникалық бұйымдарды бөлме ішінде пайдалануға;

4. Пиротехникалық бұйымдарды кауіпті аумақ радиусынан кем емес қашықтықта ғимараттардың, ағаштардың, электр желілерінің қасында пайдалануға;

5. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде адамдар тұрған жаққа және олар келіп қалуы мүмкін аймаққа карай бағыттауға;

6. Бұндай бұйымдарды қолдан сатып алуға, олардың қаптамалары зақымдалған және сақтау мерзімі өтіп кеткен болса қолдануға қатаң тыйым салынады!

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
29 желтоқсан 2023 ж. 1 273 0