№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » От шашудан – от басып қалмаңыз!

От шашудан – от басып қалмаңыз!


Халықтың ерекше мейрамы Жаңа-жыл мерекесі жақындап келе жатыр. Жаңа-жыл мерекелерін қуанышты болуы үшін және ешқандай төтенше жағдайлар болмау үшін, Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтау кажеттігі туралы хабарлайды.

Ең бастысы- балалардың ертеңгілік өткізу кезінде өртті және басқа да төтенше жағдайды болдырмау. Мерекелік іс-шараларды өткізу орындарының басшылары мен жауыпты қызметкерлерінен мерекелік іс-шара өтетін орындарда  өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Барлық іс-шаралар өтетін орындарда арнайы сертификаты жоқ қытайдан келген пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады. Отшашуларды тек арнайы мамандардың бақылауымен ғана қолдану қажет. Мерекелік іс-шара өтетін орындарда алғашқы өрт сөндіру құралдарына қарау жүргізіп, жарамдылығын тексеру қажет.      
Әрбір пайдаланылатын пиротехникалық бұйымның сәйкес келетін сертификаты және қолдану бойынша нұсқаулығы болуы тиіс. Пиротехникалық өнімдерді  тек арнайы дүкендер мен жабдықталған орындарда сақтауға рұқсат етіледі. Зауттан шығарылмаған және арнайы сертификаттау талаптары бұзылған пиротехникалық өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар, балаларға жарық және дыбыстық әсерлі пиротехникалық өнімдерді сатып алуға және пайдалануға  мүлдем тыйым салынатындығын хабарлаймыз.
Төтенше жағдайларда «101», «112» құтқару қызметіне телефон шалыңыз.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
23 желтоқсан 2021 ж. 526 0