№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Отшашу опық жегізбесін...

Отшашу опық жегізбесін...


Жаһан жұртының сүйікті мерекесінің бірі – Жаңа жыл. Күнтізбелік жыл басталатын күнді баршасы асыға күтіп, мерекеге дайындықты екі-үш ай бұрын бастайды. Жылдағы дәстүр осы. Ал дайындыққа не кіреді? Әрине отшашулар. Адам өміріне қанша зиян болғанымен отшашудан бас тартар емеспіз. Осыған орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мұхтар Белсенбаевтан мән-жайды білдік.


– Жаңа жыл мерекесіне санаулы күн қалды. Мейрам жақындаған сайын сауда орындарында лицензиясы жоқ, Қытайдан келетін пиротехникалық өнім­дер көбейеді. Мұны жасөспірімдер, жастар, тіпті ересектер пайдаланып жатады. Бұл заттардың біріншіден адам өміріне қауіп төндіретіні және өрттің пайда болуына тікелей қатысты екендігін ұмытпаған жөн, – деді ол.
Баршаға белгілі, мерекеге орай барлық іс-шаралар өтетін орын­дарда арнайы сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды пайда­лануға тыйым салынады. Электр сымдарының қысқаша тұйықталуына жол бермеу мақсатында электр сымдарының жалғанған жерлерін ереже талапқа сай оқшаулау керек. Мұндай электр желілерін арнайы маман-электриктер жүргізгені дұрыс. Сонымен қатар отшашуларды тек арнайы мамандардың бақылауымен ғана қолдану қажет. Сондықтан мұндай мерекелік іс-шара өтетін орындарда алдын ала алғашқы өрт сөндіру құралдарына қарау жүргізіп, жарамдылығын тексеріп, ғимараттың автоматты өрт дабылы қондырғыларының жарамдылығы мен эвакуациялық жолдарының ашық болуын қамтамасыз ету, яғни барлық қауіпсіздік ережелері сақталуы қажет. Қысқа қайырғанда, осы шараларды өткізуге байланысты оның басшылар мен жауапты қызметкерлерінен мерекелік іс-шара өтетін орындарда өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұраған болар едік.
– Пиротехникалық бұйымдарды пай­далану барысында-тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға; тұтанған және жанып болған, сонымен қатар тұтанбай қалған жағдайда еңкейіп қарауға, бөлме ішінде пайдалануға, қауіпті аумақ радиусынан кем емес қашықтықта, ғимараттардың, ағаштардың, электр беру желілерінің қасында пайдалануға, пайдалану кезінде адамдар тұрған жаққа және олар келіп қалуы мүмкін аймаққа қарай бағыттауға,қолдан сатып алуға, олардың қаптамалары зақымдалған және сақтау мерзімі өтіп кеткен болса пайдалуға қатаң тыйым салынады, –дейді маман.
Ендеше әрбір азамат сатушыдан пайдаланылатын пиротехникалық бұйымның сертификаты және қолдану бойынша нұсқаулығын сұрап алғаны дұрыс. Бұл орайда пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендер мен жабдықталған орындарда сақтауға рұқсат етілетінін жадымызда ұстайық. Арнайы сертификаттау талап­тары бұзылған пиротехникалық өнім­дерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады. Өкінішке орай сату­шыларымыз бұл заңдылықты ұстана бермейтіні өкінішті-ақ. Сондықтан «Сақтансаң – сақтаймын», «От – тілсіз жау», «Өзіңе-өзің абай бол», «Сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстанған абзал.
Қорыта айтқанда, пиротехникалық бұйымдар балалардың ойнауына ар­налған ойыншық емес. Пиро­техникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтай отырып жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізейік. Мұндай жағдай орын ала қалғанда төтенше жағдайлардың «101», «112» құтқару қызметіне теле­фон шалу қажет.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
21 желтоқсан 2019 ж. 792 0