» » ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ
Халықтың ерекше мейрамы-Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатыр. Жаңа жыл мерекелерін қуанышты болуы үшін және ешқандай төтенше жағдайлар болмау үшін, Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жаңақорған ауданының Ішкі істер бөлімі төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтау кажеттігі туралы хабарлайды.
Ең бастысы- балалардың ертеңгілік өткізу кезінде өртті және басқа да төтенше жағдайды болдырмау. Мерекелік іс шараларды өткізу орындарының басшылары мен жауыпты қызметкерлерінен мерекелік іс шара өтетін орындарда  өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Барлық іс шаралар өтетін орындарда арнайы сертификаты жоқ қытайдан келген пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады. Отшашуларды тек арнайы мамандардың бақылауымен ғана қолдану қажет. Мерекелік іс шара өтетін орындарда алғашқы өрт сөндіру құралдарына қарау жүргізіп, жарамдылығын тексеру қажет. Әрбір пайдаланылатын пиротехникалық бұйымның сәйкес келетін сертификаты және қолдану бойынша нұсқаулығы болуы тиіс. Пиротехникалық өнімдерді  тек арнайы дүкендер мен жабдықталған орындарда сақтауға рұқсат етіледі.Зауттан шығарылмаған және арнайы сертификаттау талаптары бұзылған пиротехникалық өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады.
Құрметті ата-аналар,балаларға жарық және дыбыстық әсерлі пиротехникалық өнімдерді сатып алуға және пайдалануға  мүлдем тыйым салынатындығын хабарлаймыз.
 
Төтенше жағдайларда «101», «112» немесе «23-1-01» құтқару қызметіне телефон шалыңыз.
21 желтоқсан 2018 ж. 1 414 0