» » Қауіпсіз жана жыл

Қауіпсіз жана жыл


Жаңа жыл мейрамы жақындап келеді. Мейрам жақындаған сайын сауда орындарында сапасыз лицензиясы жоқ Қытай елінен келетін пиротехникалық өнімдер келе бастайды. Әрине, кішкентай жеткіншектер, оқушылар тіпті ер азаматтардың өзі осы өнімдерді пайдаланып жатады. Бұл заттардың бірінші адам өміріне қауіп төндіретіні және өрттің пайда болуына тікелей қатысты екендігін ұмытпаған жөн.

Барлық іс-шаралар өтетін орындарда арнайы сертификаты жоқ қытайдан келген пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады. Электр сымдарының қысқаша тұйықталуына жол бермеу мақсатында электр сымдарының жалғанған жерлерін ереже талапқа сай оқшаулау керек. Отшашуларды тек арнайы мамандардың бақылауымен ғана қолдану қажет. Мерекелік іс-шара өтетін орындарда алғашқы өрт сөндіру құралдарына қарау жүргізіп, жарамдылығын тексеріп, ғимараттың автоматты өрт дабылы қондырғыларының жарамдылығы мен эвакуацияиялық жолдарының ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Мерекелік іс-шараларды өткізу орындарының басшылары мен жауапты қызметкерлерінен мерекелік іс-шара өтетін орындарда өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалардың  пиротехникалық бұйымдарды сатып алуына жол бермеу керектігін ата-аналар назарда ұстаса.
Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану барысында мыналарға қатаң тыйым салынады:
-Тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға;
-Тұтанған және жанып болған, сонымен қатар тұтанбай қалған жағдайда пиротехникалық бұйымдарды еңкейіп қарауға;
-Пиротехникалық бұйымдарды бөлме ішінде пайдалануға;
-Пиротехникалық бұйымдарды қауіпті аумақ радиусынан кем емес қашықтықта,  ғимараттардың, ағаштардың, электр беру желілерінің қасында пайдалануға;
-Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде адамдар тұрған жаққа және олар келіп қалуы мүмкін аймаққа қарай бағыттауға;
-Пиротехникалық бұйымдарды қолдан сатып алуға, олардың қаптамалары зақымдалған және сақтау мерзімі өтіп кеткен болса пайдалуға тыйым салынады;
Әрбір пайдаланылатын пиротехникалық бұйымның сәйкес келетін сертификаты және қолдану бойынша нұсқаулығы болуы тиіс. Пиротехникалық өнімдерді  тек арнайы дүкендер мен жабдықталған орындарда сақтауға рұқсат етіледі. Арнайы сертификаттау талаптары бұзылған пиротехникалық өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады.
Қазіргі таңда Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау гарнизонының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп аудан орталықтарында орналасқан сауда орындарында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  Іс-шараның басты мақсаты пиротехникалық бұйымдарды сату фактісіне жол бермеу. Шара барысында бүгінгі таңға дейін 70-кәсіпкерлерге пиротехникалық бұйымдарды сатпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған нұсқаулық парақтары таратылды.
Білім нысандарының және мерекелік шараларды өткізу орындарының басшыларының  жаңа жыл мерекелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау  шаралары жазылған арнайы хаттар берілді.
Жаңақорған кентінің орталығында «LED» эрканы арқылы пиротехникалық бұйымдардың  зиян және жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қауіпсіздік шаралар жазылған арнайы бейнероликтер көрсетуде.
Аудан көлеміндегі білім нысандарында «Қауіпсіз жаңа жыл»  тарқырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шаралар әрі қарай жалғасын табатын болады.
Құрметті ата-аналар пиротехникалық бұйымдар балалардың ойнауына арналған ойыншық емес екендігін ескертеміз. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтаңыз, жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізейік.
Төтенше жағдайларда «101», «112» құтқару қызметіне телефон шалыңыз.
23 желтоқсан 2021 ж. 468 0