Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№89 (9002) 24

24 қараша 2026 ж.

№88 (9001) 21

21 қараша 2026 ж.

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Әділетті Қазақстан – Конституцияға құрмет пен Жолдау мақсаттарын жүзеге асырудан басталады!»

«Әділетті Қазақстан – Конституцияға құрмет пен Жолдау мақсаттарын жүзеге асырудан басталады!»


Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық негізі, ел бірлігінің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың басты кепілі. Ал Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындап, жаңғыру мен өркендеуге жол ашатын маңызды стратегиялық бағдар.

Конституцияда бекітілген заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен теңдік қағидаттары әрбір азаматтың өмірінде нақты көрініс табуы тиіс. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру – экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірлердің әлеуетін нығайту жолындағы ортақ жауапкершілік. Әділетті қоғам қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ол әрбір азаматтың заңға құрметпен қарауынан, адал еңбек етуінен, қоғамдық тәртіпті сақтауынан және ел болашағына бейжай қарамауынан басталады. Әсіресе, ауылдық жерлерде Жолдау аясында белгіленген міндеттердің жүйелі орындалуы халықтың өмір сапасын жақсартуға, елді мекендердің дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етеді.
27 қараша 2026 ж. 26 0