№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дархан Турсынбаев бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Дархан Турсынбаев бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Балалық шағымызда әкем мен анам маған ұрсатын кезде міндетті түрде "Есағаңның баласы Дархан сияқты болмайсың ба, қарап отырып бір қызығасың ғой" деп таңырқап отыратын еді. Міне жалғыз біздің отбасының ғана мақтанышы емес, бүкіл ауыл жастарына үлгі болған Дархан Турсынбаев бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.


Ия, таңғы сағат 5 тен бастап көрші қорадағы бұзаулардың мөңіреген дауысы шырт ұйқыда жатқан бізді оятатын. Маруся анамызбен Дархан аға екеуі сиырларды сауып, одан соң өріске айдап, не керек сағат 9 ға дейін тыным таппайтын. Ал біз ол кезде түнімен қаңғырып, көзімізді аша алмай зорға оянамыз. Есалы көкеміз "Задарья" совхозының (қазіргі Әбдіғаппар ауылы) директоры, ал менің әкем мектеп директоры қызметін атқарды. Үйіміздің арасында үй жоқ, өте жақсы қарым қатынаста болдық. Сол кездері ауыл порторгы марқұм Нұрберген Тастаев болатын. Анам, Маруся апа, Нұрберген ағаның жұбайы Ботакөз апа "кіші жүздің қыздары" болып әле де өте мықты қатынасады. Мектепті де үздік аяқтап, үлкен қалаға оқуға түсті. Ол кезде оқуға түсу қиынның қиыны еді, тек мықты білім ғана сыналатын еді. Жалпы осы әулеттің ұл - қыздары Қыркеңсе Орта Мектебінің алды болды, оны барлық түлектер мойындайды.

2020 жылы елімізде Covid 19 пандемиясы басталған кезде аудан әкімінің орынбасары қызметіне келді. Өте қиын кез, күнделікті дертпен күресу оңайға соққан жоқ, үйді, отбасыны ұмыттық. Осы саланы басқарған Дархан Есалыұлы ауырғанды білмеді, мықты ұйымдастырушы, білікті басшы бола білгендіктен барлық ауыртпалықты көтере білді. Пандемияны жеңіп, өзін жоғары деңгейде көрсете білгендіктен бүгінгі күнге дейін екінші ауыр сала ауылшаруашылық, жер, ЖКХ, кәсіпкерлік саласына жетекшілік етті. Көптеген әкім орынбасарларымен бірге қызметтес болдым, алайда тапсырманы беріп қана қоймай, оны жүз пайыз орындата алатын басшы десем артық емес. Әрине оған мінез де қажет, осының барлығы Дәкеңнің қасиетінде бар.
24 тамыз 2023 ж. 1 424 0