Нұржан Ахатов «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарады Басты жаңалықтар
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ басқарма төрағасы қызметіне Нұржан Ахатов тағайындалды.
Нұржан Сәбитұлы қызметтің барлық сатысынан өткен білікті экономист, ұтымды ұйымдастырушы.
Бұған дейін де 2015-2017 жылдары басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған.
Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі өте мол және барлық сатысынан өткен азамат.
Қызмет жолында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарса, қалалық мәслихат депутаты ретінде де қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлесін қосты.
Облыс әкімі Нұржан Сәбитұлының үлкен жобаларды сәтті жүзеге асыратынына айрықша сенім білдірді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі