Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЗАҚЫМ КЕЛГЕН ҒИМАРАТТАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЗАҚЫМ КЕЛГЕН ҒИМАРАТТАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ


Күні кеше Жаңақорған ауданында қатты желдің әсерінен бес ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры ұшқан болатын. Табиғи оқиғаның салдарынан электр сымдары зақымдалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін де өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.
Жаңақорған ауданында сағат 15:00 мен 17:00 аралығында жылдамдығы 18 метр секунд болатын қатты желдің кесірінен ғимараттарға зақым келді. Ауданға қарасты Кейден және Жайылма ауылдық округінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда тиісті мекемелерден комиссия құрылып, шығындар есептелуде, - деді Саид Молдақараев.
25 сәуір 2022 ж. 738 0