№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария деңгейі бақыланды

Сырдария деңгейі бақыланды


Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының  ұйымдастыруымен Департамент бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ғалымжан Әшімов  жергілікті атқарушы органның  өкілдерімен бірлесе Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданы аралығында Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыс 2020 жылдың қараша айынан бері апта сайын бақылауда тұр.    
Дария деңгейін бақылау, мониторинг жұмысы барысында өзенде ұстасқан мұздың қалыңдығы мен судың келу деңгейі қоса сарапқа салынуда. Қазіргі таңда сең Шиелі ауданы Қызылқайың елді мекенінің тұсында, Қызылорда су торабынан жоғары 190 шақырымда  ұстасып тұр. 
Бүгінгі таңда мұз қабатының еруі, жұқаруы және қалыңдығы 10-20 сантиметр екендігі анықталды.
Осы ретте мониторинг жұмыстарымен қатар азаматтық қорғау мамандары елді мекендерде су басу қаупі туындаған жағдайда атқарылуы қажет қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тұрғындарға ескерту хаттары мен үнпарақтарды таратуда.

Индира Омарқызы,
Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің
аға инженері азаматтық қорғау майоры
09 наурыз 2021 ж. 527 0