2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА



Жылбасынан бері облыс көлемінде балалар арасында 9 оқыс оқиға тіркелді. Оның ішінде 8 жағдай Қызылорда қаласында орыналса, 1 дерек Шиелі ауданына тиесілі. Салдарынан 2 - 6 жас аралығындағы 7 бала зардап шегіп, 2 бүлдіршін қаза болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

«Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Мұндай жағдайлардың алдын-алу мақсатында мамыр айында «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында акция өткізілді. Акция аясында 35 жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына терезе ашылуын шектететін блокиратор орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы және жақын орналасқан елді-мекендерге орнатылған дабылды-дауыс зорайтқыш қондырғысы мен күнделікті сағат 11:00 және 19:00-де көп қабатты тұрғын үйлерге жақын орналасқан 10 нысан арқылы «Көп қабатты тұрғын үйлердегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде», - деді Саид Шазындаұлы
23 тамыз 2021 ж. 671 0