Пробация есебінде тұрған азаматтар кәсіп бастады
Өмірде аяғын шалыс басқан жандардың қоғамға қайта қалыптастырудағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудандық прокуратураның бастауымен бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.Қойылған талаптарға сәйкес, аудандық жұмыспен қамту орталығы мен аудандық пробация қызметімен бірлесіп карантин ережелерін сақтай отырып, пробация есебіндегі тұлғалардың қатысуымен ашық есік күні өткізілді.
Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған пробация есебіндегі азаматтардың қатары артып келеді.
Нақтыласақ, бүгін, яғни 31 наурыз күні пробация есебіндегі 3 азаматқа 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әр азаматқа 583 400 теңгеден барлығы 1 750 200 теңге мемлекеттен қайтарымсыз грант берілді.
Өз кәсіптерін ашқан есептегі азаматтарға сертификатты аудан прокуроры Дарын Әбіш табыстады.
Сондай ақ, ашық есікке жиналған есептегі тұлғалардың басым көпшілігі кәсіпкерлік ашу барысындағы құжаттарды рәсімдеу және несиелер алу бағытында сұрақтары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, белгіленген квотаға сәйкес 3 азамат тұрақты, 1 азамат қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін кәсіп ашуларына жәрдемдесу үшін 6 есептегі тұлғаларға осы тектес қайтарымсыз несие беру жоспарлануда.
Аталған бағыттағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы аудандық прокуратураның бақылауына алынған.