Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сан соқтырған сантехник

Сан соқтырған сантехник




       Ресейде сантехникалық құрылғыларын арзан бағаға жөндеткісі келген тапсырыс беруші сан соғып қалды. Ол сантехникпен жазбаша келісім шарт жасаспай, үлкен қаржыға келісіп, екі апта бойы су жүйелерін толығымен жөндеткізеді.
    Алайда, қайта-қайта «жұмысыңыз сапасыз» деп сантехниктің мазасын қашырып, өз дегенін жасатады да, дөрекілік көрсетіп, белгіленген соманың жартысын ғана қолына ұстатады.
    Жұмысын барынша тиянақтаған сантехник тапсырыс берушінің ниетін байқаған соң, ұрыспай ғана, монтаж пастасына қант қосып, кафелін жапсырып, ақшасын алып кетеді.
    Енді сараң тапсырыс беруші құмырсқадан құтыла алмай отырған көрінеді. Оның сыртында қант қосылған кафел тезірек су өткізеді. Әрі көпке шыдамайды. Міне, сараңдық пен дөрекіліктің сауабы.
30 шілде 2019 ж. 584 0