Димаштың ізімен: Словян базары 2019 байқауында қазақстандық әнші көш басында
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Әділхан Макин 90 ұпайдан 89 жинап көш басында келеді.
Беларусьтің Витебск қаласында өтіп жатқан "Славян базары" байқауында қазақстандық әнші бірінші күннің қорытындысы бойынша 16 елдің өнерпазын артқа тастады.
Жас әртістер 13 шілдеде Михаил Финберг жетекшілік еткен Ұлттық академиялық концерт оркестрінің сүйемелдеуімен жазғы амфитеатрда өнер көрсетті. Конкурсанттар славян композиторларының шығармаларын орындады.
Әділхан Макин "Озеро надежды" әнін шырқады, әннің сөзі мен музыкасын ресейлік сазгер Игорь Николаев жазған.
Бастапқыда байқауда 18 елдің қатысушылары өнер көрсетеді деп жоспарланған, алайда Словакия мен Кубаның әртістері келе алмай қалды.
Осыған байланысты биыл 16 елдің өнерпазы бас жүлдеге таласады. Шараға алғаш рет Швейцария мен Қытай әншілері қатысып жатыр.
Биылдан бастап байқауға өзгерістер енгізілді: ұйымдастырушылар жартылай финалдан бас тартуды ұйғарған. Әртістердің вокалына Ресейдің халық әртісі Тамара Гвердцители бастаған әділ қазылар алқасы баға береді.
Айта кететіні қазақстандықтар аталмыш халықаралық фестивальде биіктен көрініп келеді. 2011 жылы Әлішер Кәрімов үшінші орын иеленсе, 2015 жылы Димаш Құдайберген бас жүлдені жеңіп алды, ал былтыр Әміре (Ернар Сәдірбаев) бірінші орын алған еді. Осы ретте Әділханға тек жеңіс тілейміз.