ЕЛІ БАРДА АРЫСТЫҢ туы АСҚАҚТАЙДЫ
Апат айтып келмейді. Арыстағы алапат жарылыс күллі елді есеңгіретіп жіберді. Әскери қоймадағы оқ-дәрілердің дүлей дүмпуінен бейқам отырған бұқара баспанасын тастап, босып кетті. Әрине, жойқын жарылыстың себебі алдағы уақытта айтыла жатар. Бүгінгі таңда Арысқа қайта оралған ағайынның ахуалы қандай? Аптаның бейсенбі күні жарылыстан кейінгі қала тынысымен танысып қайттық.
Басты бағыт – тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылар қаласындағы 6-секторда атқарылып жатқан жұмыс барысын ақпараттандыру болатын. Өздеріңізге белгілі, апаттан кейін Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, 17 облыс пен республикалық мәртебеге ие қала әкімдігіне үйлер мен әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіру жүктелді. Қызылорда облысының еншісіне 6-сектор тиесілі болды. Бұл – орталық «Әл-Фараби» алаңында орналасқан «Ергөбек» штабы екен. «Ергөбек» атындағы мәдениет үйінде Созақ ауданының әкімдігі гуманитарлық бағыттағы көмектерге міндетті. Ал Қызылорда облысының жылжымалы басқару пунктіндегі штаб мүшелеріне осы аумақтағы 254 жеке тұрғын үйді қайта қалпына келтіру жүктеліпті. Мұнда бізді Ілесбек Әлмаханов ағамыз күтіп алды. Ол – 6-сектордың жауапты өкілі. Қызметі – Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс бөлімінің басшысы. Ә-дегеннен қайта қалпына келтіріліп жатқан құрылыс объектілерін аралауды бастап кеттік. Жолай штаб жетекшісі Ілесбек ағамыздан бүгінге дейін атқарылған шаруаларды сұрадық.
– Аға, жалпы 6-секторға тиесілі қанша тұрғын үй бар?
– Қызылорда облысына тиесілі 14 көше белгіленіп, ондағы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан есепке алынды.
– Қанша тұрғын үй жөнделіп бітті?
– Қазіргі таңда 41 үй толық қайта қалпына келтірілді. Апта аяғына дейін 49 үйдің жөндеу жұмысы басталады.
– Жалпы, 6-секторда мүлдем жарамсыз болып қалған үй бар ма?
– Иә, бар. Біздің секторда бір ғана үй толық жарамсыз деп танылған. Ол отбасын бүгін ғана жаңа баспанаға кіргізіп, жаңа үй салып бердік.
Штаб жетекшісімен болған екеуара әңгімеден кейін әлгінде айтылған арыстық тұрғынның жаңа баспанасына келіп тоқтадық. Әуелі жолдың қарама-қарсы бетіндегі снаряд түсіп, сау тамтығы қалмаған тұрғын үйдің іргетасын көрсетті. Осы сәтте әңгімеге Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» мекемесінің бөлім басшысы Бауыржан Садықов араласты.
«Бұл үй мүлдем жарамсыз болып қалған. Біздің жұмылдыру орталығының жігіттері үйдің отқа оранған қабырғасын бұзып, қала сыртына 25 рейс қоқыс шығарды. Жігіттердің барлығы аяғынан тік тұрып, қайта қалпына келтіру жұмысына белсенді атсалысуда». Бұл Бауыржан Сұлтанмұратұлының сөзі. Сондай-ақ ол «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» Арыс қаласындағы қызылордалық құрылысшылар мен жұмысшыларды қажетті 120 көрпе-төсек және кереуетпен қамтамасыз еткенін тілге тиек етті. Оған қоса, штаб мүшелеріне 2 арнайы жылжымалы пункт қызметіне арналған автокөлік алып келген.
Снаряд түсіп, мүлде жарамсызданған шаңырақ иесінің есімі – Жұмабаек Бердімұратов. Біз барғанда үй қожайыны қалалық халыққа қызмет көрсету орталығына шығып кеткендіктен отанасы Қаламқас Әуезовамен тілдестік. «Тағаев көшесінің тұрғынымыз» деп әңгімесін бастаған Қаламқас апай әуелі алаштың анасы атанған Сыр жұртшылығына ризашылығын білдірді.
– Әрине оңай емес. Арыс халқы үлкен үрейді бастан кешірді. Осындай сын сағатында Сыр халқы дем беріп, бүгін міне жаңа қонысқа көшіп жатырмыз. Қызылорда облысының әкімдігіне және жергілікті билікке айтар алғысымыз зор. Уәделерінде тұрды. Бар-жоғы 10 күннің ішінде жаңа баспанаға кіргізді, – деген Қаламқас Әуезова көз жасына да ерік берді. Бұл қуаныштың жасы деп ұқтық.
Мұнан кейін 6-секторға тиесілі объектілерді толық аралап шықтық. Негізі 14 көшеден құралған аумақта 254 үй жөндеуге зәру. Көзбен көрген көрініс бір бөлек дүние. Әрбір қадам сайын үйілген үйінді, шытынаған терезе, шашылған шатыр бөлшектері. Қаланың қай бұрышына барсаңыз да осы көрініс. Қираған қаладан бүгінде құрылыс алаңына айналған Арыста балға мен шегенің дауысынан құлағың тұнады. Жол бастап жүрген штаб өкілі Ілесбек Әлмаханов ағамыздың айтуынша, жұмысшылар таңғы сағат 05.00-ден жұмысқа кіріседі екен. Өйткені күннің аптап ыстығында үй шатырын жабу оңай шаруа емес. Десе де, Қызылорда облысынан келген 22 құрылыс компаниясына қарасты 160-қа жуық жұмысшы 4 топқа бөлініп, қайта қалпына келтіру жұмысын қарқынды жүргізіп жатқанының куәсі болдық. Оған қоса, Қызылордадан 3 пластикалық есік, терезе жасайтын цех көшіріліп әкелінген.
Белгіленген объектілерді аралау барысында У.Оразалиева көшесіндегі №12 үйге аялдадық. Мұнда қызылордалық ұсталар пластик терезе орнату үстінде екен.
Қақпадан қарсы алған отанасы Айман Төлебекова амандық саулықтан кейін, ризашылығын жеткізді. Шатырын толық ауыстырып, жаңадан шифер қағып берген. Әрі жарамсыз болып қалған терезелерін пластиктен орнатып беріп жатқанына дән риза. Десе де, Айман апаның айтары бар. Ол үйінің әр тұсынан қақ айырылған қабырға жарығын кім қайта қалпына келтіреді деген назын жеткізді. 6-сектордың жауапты өкілі Ілесбек Әлмаханов ағамыз арыстық ақ жаулықты ананың арызын дәптеріне жазып алып, бұл бағытта жұмыс істейтінін мәлімдеді. Жарылған тұстарын қайта қалпына келтіреді.
Айта кету керек, бұған дейін құрамында мемлекеттік органдар, құрылыс, жобалау, техникалық қадағалаушы маманы бар 66 адамнан тұратын арнайы топ белгіленген аумақтағы үйлер мен ғимараттардың шығынын анықтаған. Қазіргі таңда сол бойынша қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Дейтұрғанмен 6-секторда орналасқан штабқа күн сайын бірнеше тұрғын келіп, баспанасына қосымша жөндеу жұмысын жүргізіп беруді сұрайтынын білдік.
Осылайша бірнеше сағаттың ішінде объектілерді аралап, тұрғындармен тілдесіп, қайта қалпына келтіру жұмысын көзбен көрдік. Сапар барысында Ілесбек Әлмаханов ағамыз 5 шілде күні аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов арнайы келіп, жөндеу жұмысын қажет ететін жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысты жеделдетуге тапсырма беріп кеткенін жеткізді.
Түйін орнына арыстағы ағайынның моральдық ахуалын сөз етсек. Көшедегі кез келген тұрғынмен тілдессеңіз бойында үрей бары байқалады. Әрине білдіртпеуге тырысады. Оған қоса, жергілікті тұрғындарды WhatsApp мессенджері арқылы таралатын жалған ақпарлар жалықтырған. Мұны Арыс қаласында мені күтіп алған досым Жақсылық Танкеев айтты. Ол өзінің ұялы телефонынан мынаны тыңдашы деп: «12-15 шілде аралығында Арыстағы әскери арсеналдан «Луна» бомбасы шығарылады екен. Қаладан қашып үлгеріңіздер» деген аудиожазбаны тыңдатты. Ренішін де жасырмады. Ел енді еңсесін тіктеп жатқанда осындай қауесеттер халықтың бойына қайта үрей тудыратынын айтып болғаны сол еді телефонына тағы бір хабарлама келіп түсті. Бұл жолғысы сенімді ақпарат көзінен екен.
Хабарламада былай делінген: «Құрметті Арыс қаласының тұрғындары! WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «12-15 шілде аралығында Арыстағы әскери арсеналдан «Луна» бомбасы шығарылады» деген жалған ақпарат тарауда. Осыған байланысты Қазақстанның қорғаныс министрлігі мұндай зымыранның әскери бөлімшеден 2011-2014 жылы жойылғанын хабарлайды. Жалған мәліметке сенбей, сабырлық танытуларыңызды сұраймын» делінген.
Иә, арыстық ағайынға сын сағатында сабыр ету маңызды. Десе де, жалған ақпарат таратып ел ішінде арандатушылықты қоздырушылар өз жазасын алуы керек. Өйткені Арыстағы жолсапар барысында осындай қауесеттерге сеніп, арыстық ондаған тұрғынның Шымкент шаһарында пәтер жалдап тұрып жатқанын білдік. Осы тұстан тақырыпты тәмамдайық. Ең бастысы – бүкіл ел-жұрт Арыспен бірге екенін сөзбен де, іспен де дәлелдей білді. Елдің осындай алғаусыз ықыласына арыстықтардың айтар алғысы шексіз.

Әбдісамат ӘБДІШ,
Жаңақорған-Түркістан-Арыс-Жаңақорған.