№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыс әкімі тағайындалды

Облыс әкімі тағайындалды

Кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қуанышбек Ысқақовты өңір әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсыныс жазылған хатты оқып берді.

Мәслихат депутаттары ҚР Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Қызылорда облысының акти­вімен кездесуде ҚР Үкіметінің бас­шысы Қырымбек Көшербаевқа өңір­ді дамыту бойынша атқарған елеулі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа лауазымы – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінде сәттілік тіледі.
«Қырымбек Көшербаев Қызыл­орда облысын 6 жыл бойы басқарды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосты. Осы уақыт ішінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар іске асырылды. Әлеуметтік саланы дамыту бойынша тиімді шаралар қабылданды», – деді А. Мамин.
Қызылорда облысының акти­ві­не өңірдің жаңа әкімін таныс­тыра отырып, Асқар Мамин Қуанышбек Ысқақовтың өңірлік жә­не орталық деңгейдегі елеулі жұмыс тәжірибесін атап өтті: 2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, ұзақ жылдар бойы ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қызылорда облысының алдында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың тұрмыс сапасын арт­тыру және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол­да бар әлеуетті іске асыру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті. Жаңа әкімге өңір активімен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру тапсырылды.
28 маусым 2019 ж. 896 0