№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Елорда күнінде дүниеге келген періште

Елорда күнінде дүниеге келген періште



Сәбидің исін жақсы көрем! 
Әлдеқайдан сүйкімді бөбек көзіме шалынса,маңдайынан сүйіп,құшағыма алғанша байыз таппай кететін әдетім бар.
Сол бір ғана сәтте, тұл бойымды толассыз кернеп, өмірге ынтызар етер ғажайып бір қуатты сезініп үлгерем.
-Біреудің бөпесінде нең бар,елжіреп, құшағыңды ала жүгіресің,ата-анасы дұрыс ұғынбай,тіксініп қалар,көз тиеді,-деген қорқыныш бар ғой қазақта деп бірде, анам, бірде жолдасым ескерту жасап жүргені сосын.
Алайда, емханада кезекте отырып та, қоғамдық көлікте кетіп бара жатып та, балпанақтай сәбиді бауырыма басып,құшырлана иіскеп отырғаныма да, елжіреп сала беретініме де мені танитындардың көзі үйренді бүгінде.
Бұл бәлкім,барша аналарға тән мейірім инстинкті болар,кім білсін?!
*
Өзімнің ұлым мен қызым есейіп қалғасын ба, бөпенің исі дегенде,бөлек күй кешем.
(Бір көріпкелдің кездейсоқ болжамына сенсек,биыл сүп- сүйкімді қыз бөпені менің де құшағыма алар күн алыс емес-ті ))
*


Айтпағым,бүгін, еңселі Елорда мерекесі күні қазақтың саны тағы бір адамға өсті.Жүректерді атой салдырып, әулетімізді қуанышқа бөлеп, дүниеге періште қыз бала келді. "Қуанышты бөліссең,көбейеді" деген сөз бар.Ендеше,барша қазақ жұртына осындай бақ-берекені нәсіп етсін,Жаратқан!
Титімдей болып, тағдырыңа тәу еткізіп, тәубе дескізер құдіретке ие сәбилер келсін өмірге!
Осынау ғұмырдың күллі ғанибеті, байлық та, бақ та, бал бөбектердің былдырлаған тілінде, періште жүзінде екені анық қой...
Мереке құтты болсын!
                                         Толқын Қабылшаның фейсбуктағы жазбасынан.
06 шілде 2019 ж. 1 061 0