№76 (8890) 7

07 қазан 2025 ж.

№75 (8889) 4

04 қазан 2025 ж.

№74 (8888) 30

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Төтенше жағдай болғанда не істеу керек?

Төтенше жағдай болғанда не істеу керек?



Бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдай жұртты дүрліктірді. Оқиғаға қатысты Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті ескерту жариялады. Мұндай сәтте не істеу керек? 1. Жарылыс болған аймаққа, қауіпті затқа жақындамаңыз, оны ұстамаңыз 2. Бөлмедегі және көшедегі қауіпті жерлерден тез арада кетіңіз 3. Айналадағыларға қауіп туралы ескертіңіз 4. Жарылыс сөзсіз болатынын сезінсеңіз, жерге жатыңыз және басыңызды қолыңызбен жабыңыз 5. Эвакуация кезінде құжаттарыңызды және бірінші кезектегі қажет заттарды алыңыз 6. Бүлінген конструкциялар мен жалаңаш сымдарды ұстамай, ақырын қозғалыңыз. 7. Келіп жеткен лауазымды тұлғалардың нұсқауларына сәйкес қимылдаңыз 8. Өзіңізбен бірге бөтелкеде су алып жүріңіз 9. Бос үрейге бой алдырмай, сабырлылық танытыңыз. Tүркістан облысы бойынша қауырт желі: 8723-35-83-02. Әлеуметтік желілердегі қауесет сөздерге сенбеуге, сабырлы болуға шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес жауапқа тартылатынын ұмытпаған абзал.

24 маусым 2019 ж. 904 0