№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тест: "Болашақтан хат"

Тест: "Болашақтан хат"





Төмендегі тестіні психология ғылымдарының профессоры Исаму Сайто Шығыс философиясы мен бірнеше ғасыр бұрын айтылған даналардың ойына сәйкес жасаған. Ең бастысы аталғантест, расымен де, жүзеге асатын көрінеді. Тексеріп көргіңіз келе ме? 

Көз алдыңызға демалыс күні таңертеңгі ұйқыңызды есік қоңырауы бұзғанын елестетіңіз. Есікті ашқаныңызда екі хат тасушы жануар тұр. Олар сізге болашақтан хат алып келді. Тылсым сырға толы екі конвертті ашқан соң мүлдем екі түрлі болжам жазылғанын түсінесіз. Бір жануар сізге болашақта бақытты әрі қызыққа толы конвертті ұсынады. Ал екінші жануар ұсынған конвертте болашақта ешқандай да жақсы хабар жоқ екендігі жазылған. 

Төмендегі жануарлардың қайсысы сізге жақсы хабар әкелді деп ойлайсыз? Ал қайсысы жаман хабар әкелді? 

1. Жолбарыс 

2. Ит 

3. Қой 

4. Тотықұс 

5. Тасбақа 

Талдау: 

Біздің өміріміз көп жағдайда таңдаған серігімізге тікелей байланысты. Хат тасушы жануарлар сізге бақыт әкелетін адамның қиялыңызда қандай екенін баяндайды. Және өкініш пен мұң сыйлайтындар туралы да айтылған. Яғни үйіңізге келген жануарды таңдау арқылы болашақ жарыңыз туралы пікіріңіздің қандай екенін білуге болады. Егер жануарларды таңдаған болсаңыз, талдауларды оқиық. 

Жолбарыс 

Жақсы жаңалық: Жолбарыс ашу мен күшті сипаттайды. Сондықтан жақсы хабар әкелуші жануар ретінде жолбарысты таңдасаңыз, мықты, отбасын басқара алатын, шындықты сүйетін адаммен бірге бақытты болуыңыз мүмкін. 

Жаман жаңалық: Басқаратын адамдарды ұнатпайсыз. Өмірлік серігіңіздің өте нәзік, сезімтал, көнгіш келгенін, айтқаныңызға бірден еріп кете бергенін қалайсыз. 

Ит 

Жақсы жаңалық: Ит адалдықтың символы іспеттес. Ол иесіне еліктеп, оның айтқандарының барлығын жасауға дайын тұрады. Адамды қорғау қасиеті бар. Мүмкін сүйіктіңіздің дәл осындай мінезді болғанын қалайтын шығарсыз. 

Жаман жаңалық: Мәжнүндей ғашық болатын жігіттер бар. Бірақ сізге мұндай диагнозы бар жігіттер ұнамайтын сияқты. Көптің көңілінен шығамын деп жалтақтап жүретін жан сіз үшін жаралмаған. 

Қой 

Жақсы жаңалық: Мейірімді, сабырлы, жұмсақ, үй шаруасына икемді. Мұндай жанды серігіңіз ретінде таңдасаңыз, жолыңыз болды дей беріңіз. Ол сізге аспандағы айды алып бермесе де, оның мүмкіндіктеріне түсіністікпен қарайсыз. 

Жаман жаңалық: Мұндай адаммен бірге бола алмайтыныңыз анық. Немесе тым жас шығарсыз? 

Тотықұс 

Жақсы жаңалық: Ол жәй ғана сұлу емес, ол өте сұлу. Бұл адам әрдайым көңілді жүреді, оптимист, жақсы әңгімелесуші, құдды жаңажылдық отшашу секілді. Мұндай адамға қалайша ғашық болмаймыз? Іздеп жүрген идеалыңыз да осы болу керек. 

Жаман жаңалық: Сіз мұндай адамдардың қандай ойы барын бірден біліп қоясыз. Көптің көзайымына айналған бұл адамдар бос сөзді көп айтады деген пікірдесіз. Тіпті, оларға аллергияңыз бар деп айтуға болады. 

Тасбақа 

Жақсы жаңалық: Романыңыздың бас кейіпкері өте байсалды, ешқашан, ешқайда асықпайтын жан. Оған үнемі сенім артып, ақыл тыңдауға болады. Әткеншекте тербелген өмірден, баяу аққан ағысты жөн көреді. 

Жаман жаңалық: Үнемі жұрттың соңында жүретін бұл серігіңіз сізді мезі етіп жіберуі мүмкін. Оны сүйреп жүруге қауқарыңыз жете қоймас.
14 маусым 2019 ж. 893 0