Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Ойталқы



Адам дегеннің тағы бір синонимі бар, инсан деп аталады. Арабшадан аударсаң - ұмытушы мағынасын береді. Расымен ұмытшақпыз ғой. Анау-мынау оқиғаңды ары кетсе, 3 күн сөз қылады екенбіз де, сосын ұмытамыз. "Есіміз" 72-ақ сағаттық болып тұр ғой, сонда... Батыста осы 72 сағатты бизнеске айналдырып жіберген. Әйгілі бір тұлға "хайп" жасайды. Сосын... Сосын сол күні кешке альбомын шығарады, ертеңіне таңда клипінің тұсауын кеседі, арғы күні брифинг өткізеді. Былайша айтқанда 72- сағатты "по-полному" пайдаланады. 
Ал бізде ше? Хайп жасайды. Артында ақпараттық сел жоқ. 3 күннен соң, анау атаққұмар не бәлекет жасаса да, жұрт ұмытып кетеді. Ең өкініштісі, абыройды еденге ұрып жасаған шулы әрекетің ақша әкелген жоқ. Атақ па? 3-ақ күнде ұмытылып қалатын атақтың керегі бар ма? 
P/S: Бүгін, осы "72 сағат феномені" туралы журналистика факультетінің студенттеріне сабақ өттім. Сөйлеп жатып, айтайын деп тұрған ойыңды ұмытып қалмас үшін, не істеу керек? Жазып жатып, әдемі ойды жоғалтып алмас үшін, қайтпек керек? Осы дүниелерді түсіндірдім.
02 маусым 2019 ж. 730 0