№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қырқынан шығару

Қырқынан шығару



"Ахилестің өкшесі" дейтін сөзтіркес бар. Алып елдің, мінсіз адамның ең әлсіз тұсын айтады ғой, әлгіндей сөзбен. Ахилестің өкшесі деген қайдан шығып еді? Троя соғысында, грек батырына ондаған оқ тиген. Өлмеген. Бірақ, байқаусызда бір жебе өкшесіне тиіп кетеді, содан сабазың тіл тартпай кеткен ғой! Өкшесі неге жанды жер? Өйткені, сәби кезінде анасы оны өкшесінен ұстап, өлмес суға шомылдырыпты әлде малтып алған. Күллі денесін су малыпты да, өкшесіне тимей қалыпты деседі, грек аңыздары...
Бертіндегі ғалымдар айтады, "өлмес су" деп жүргені, көзшпенділердің "тұзды суы" ғой,-деп. Иә, Ахилестің анасы да, бөбегін тура ауылдағы келіншектер сияқты 40 күн бойы тұзды суға шомылдырған болып тұр ғой?!


Сол ғалымдар тағы мынадай ойымен бөлісті: Расымен де тұзды суға шомылып өскен бала шымыр болады, денесін жырып кетсе, тәніне жара шықса, тез жазылады,-деп. Айтпақшы, тұзды судың эффектісі тек 40 күн ғана екен. Одан кейін 40 жасқа дейін ащы суда шомылсаң да, әсері болмайды. Сол шақалақтың алғашқы 40- тәулігін пайдаланып қалу керек екен. Қызық ә?
                                                                          Нұрбек Бекбаудың фейсбуктағы жазбасынан.
28 мамыр 2019 ж. 1 400 0