Қызылордада мал іздеуге шыққан екі адам көлігімен суға кетті
Қызылорда облысында жоғалған малды іздеуге шыққан екі азамат көлігімен суға батып кеткен, деп хабарлайды https://zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылындағы көлде болды. Екі ер алам мал іздеуге шыққан. Оның бірі 45 жаста болса, екіншісі 56 жаста. Олар аталмыш елді мекеннен 60 шақырым қашықтықтағы жерде мал шаруашылығымен айналысқан.
«Мал іздеуге шыққан екі азамат осылайша тілсіз жаудың құрбаны болды. Хабар алғаннан кейін құтқарушылар аттандырылды. Сол жерде 2 техника мен 6 маман жұмыс жасады. Суға батып кеткен көлік жағаға шығарылды. Мамандар суға кеткендердің денесін іздестіріп жатыр», - деді Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.
Естеріңізге сала кетелік, таяуда мал іздеуге шығып адасып кеткен екі қызылордалық құтқарылған болатын.