Құрылтай

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қайнар бұлақ басындағы қарағай

Қайнар бұлақ басындағы қарағай




Қайнар бұлақ басындағы қарағай...

Көктем туса көп іздейтін қыр гүлін,

Менің мұңым түсінгенге нұрлы мұң.

Айдыныма ай жүздірген сәттерде,

Жанарыңның жарығына сүңгідім.

Тауқызы едім бақыты шың, бағы арай,

Еңсені езер еңістерге қарамай

Сайдан құлап аққан жылға не дейді,

Қайнарбұлақ басындағы қарағай?

Мұнартаудың етегінде мұңлы ырғақ,

Шолпан туар шолпысымен түнді ұрлап.

Аспантауға асылатын секілді,

Жұлдыздардың сырғалары сыңғырлап.

Жұлдыздарға сен де, мен де жақынбыз,

Жарығынан жаһұт теріп жатырмыз.

Қайнарбұлақ басындағы қарағай,

Аспантаудың етегінде ақын қыз.

Ай да жалғыз,

мен де жалғыз,

ол жалғыз,

Жалғыздықтың жырын талай толғармыз.

Қайнарбұлақ...

қарағайдың қасында –

Қарашығы қараөлеңге толған қыз...
27 мамыр 2019 ж. 1 078 0