Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастығы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық іс-қимыл процесін күшейту мақсатында арнайы делегация Ұлыбритания мен Германияға барды, – деп хабарлайды Жаңақорған тынысының тілшісі МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінесілтеме жасап.
Жұмыс сапары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мен мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бағыты бойынша біздің елдің тәжірибесі мен жетістіктері көрсетілді
Делегация сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етудің британ тәжірибесін талқылады. Алдыңғы қатарлы тәжірибе Қазақстан контекстінде осы саланы реформалауда пайдаланылатын болады.
Кездесу барысында "Economist Intelligence Unit" халықаралық сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет қабылдаған шаралар аясында, ең алдымен, халыққа көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласында болып жатқан өзгерістердің оң динамикасын атап өтті.
Халықаралық ұйым Қазақстанда республикалық көлемде жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өткізу идеясын қолдады. Сондай-ақ, "Transparency International" сарапшылары Қазақстанда халықаралық қоғамдастық таныған зерттеулер әдістемесі бойынша әлеуметтік өлшеуді өткізу бастамасын қолдады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ресми және сараптамалық деңгейде шетелдік әріптестердің қолдауына ие болды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Агенттік қызметтің негізгі бағыттарын одан әрі жетілдіру мақсатында нақты ұсыныстар әзірлейтін болады.