САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНДЕ БАР-ЖОҒЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Жаңақорғандық сайлаушылар үшін бүгіннен бастап Call-орталық пен «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі іске қосылды, – деп хабарлады zhanaqorgan-tynysy.kz.
Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
«Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында 40 сайлау учаскесі құрылды және 46 998 сайлаушылар саны айқындалды. Сондықтан, жоғарыда айтқанымдай сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз етуді тиянақты ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгіннен бастап «400-200» нөмірлі Call-орталығы және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі, яғни saylau.orda.gov.kz сайты іске қосылды», – дейді аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Баянбай Доспанбетов.
Ал, saylau.orda.gov.kz сайтын таңдау арқылы әрбір азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (картадан) көре алады.