№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бюджеттен президенттікке үміткерлерге 7 млн теңгеден бөлінеді

Бюджеттен президенттікке үміткерлерге 7 млн теңгеден бөлінеді

Қазақстан әрбір президентікке үміткер азаматқа республика бюджетінен 7,5 миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Сабила Мустафина айтты, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз есептедік, әрбір кандидатқа шамамен 7,5 миллион теңгеден бөлінеді. Қалғандары – олардың қоры", - дейді Мустафина.
Оның айтуынша, шығын сметасын Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. Бұл сома ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына таратуға, көлік пен ғимаратты жалға беруге жұмсалады.
Қазақстанда кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, президентікке 10 сәуірден бастап 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін үміткер болуға болады. Сондай-ақ, кезектен тыс сайлауға қатысты шараларды өткізу мерзімін ОСК белгілейді.
10 сәуір 2019 ж. 1 266 0