Әлібек Жарықбаев Ақтөбеде не істеп жүр? Қалыңдықтың қалың малын түгелдеп пе әлде...
Әлібек Жарықбаев Ақтөбеде не істеп жүр? Қалыңдықтың қалың малын түгелдеп пе әлде...
«Жаңақорған тынысы» газетінің сүрбойдағы, анасының үмітін ақтар арда ұлы жер-жерді шарлап, ел-елді араласа да аяулы жар болатын жартысын таба алмай жүргенін бірі білсе, бірі білмес.
Жұмыс бабы деп телефонмен өтірікті ызғытатын кездесудің көбісі де сол сүйікті бола алмай жүрген сүйкімді арулармен өтуде. Кеше ғана Ақтөбеге кетті дегенге «шүкір, шүкір» ақыр соңы сонау Ақтөбеден табылыпты ғой» деп қуанғанымыз сол еді. Артынша сүрбойдағымыз жалғыз басы сүмпиіп жетіп келді. Сөйтсек, әлгі «тақиялы періштеміз» Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылына аудан әкімінің іс-сапары бойынша аттанған екен.
Басты рөлді сомдап, елді шулатып жүрген жігіттің негізгі кейіпкері атанғысы келген аруларға ескерту:
Алтындай жігіттің сүйікті қалыңдығы болғыңыз келсе таныстықтан бас тартпағаныңыз абзал болар.Ханзада ДОШАН.