№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ

ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны жастардың отансүйгіш қасиетін шындап, елдік мүддеге ұйыстырады. Осымен төртінші рет жастар жиыны Қарағанды облысының Спасск қаласында өтті. Айтулы шараға Сыр өңірінен жаңақорғандық жастар да қатысып қайтқан болатын. Командалық сында нәтижесіз өнер көрсеткенімен, жекелей сында Бекзатхан Қалмырзаевтің мерейі үстем болып, облыстың абыройын асқақтатты.
Астана қаласының 20 жылдығына орай өткен жиынның негізгі мақсаты – ұлттық рухта тәрбиелей отырып, жастарды Қазақстан қарулы күштерінің қатарына шақыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастарды әскери қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдыландыру болатын.
Сайыс бағдарламасына әскерилендірілген кросс және эстафета, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру, белтемірге тартылу, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию және тағы басқа жаттығулар бойынша сынға түскен 14 облыстан 16 команда 500 жасөспірім қатысты. Əр облыстан команда құрамында 10 ұл 5 қыз бала болды. Сыр елінен сынға түскен ұлдар мен қыздар командасы да жүлдеге іліне алмады.
– Жарыстың деңгейі өте жоғары. Елдің әр өңірінен келген кіл мықтылар барын салды. Биыл үшінші рет қатысып отырған мен үшін бұл жастар жиыны таңсық емес. Дегенмен, жарыс болғаннан кейін Қашықтыққа жүгіруден бөлек сайыстың басқа түрлерінен жарыс жолына шығып жеңімпаз атандым. Бұйыртса, келер жылы тағы да тұғырдың биігінен көріну ниеттемін, ең бастысы бұл додаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе, – деді Бекзатхан Қайратұлы. Келешегін спортпен байланыстыруды жөн көрген Жаңарықтық жастың арманы дене тәрбиесінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеу екен. Биыл №167 білім ошағын тәмамдаған Бекзатханның келешегінен ұстаздары үлкен үміт күтеді. Орайы келгенде айта кету керек, бастапқы әскери даярлау пәнінің оқыту, ұйымдастырушысы Ақайдар Мадалиевтің еңбегі зор.
Айта кетейік, ұлдар командасында он қатысушының бірі Бекзатхан болса, екіншісі тағы жаңақорғандық Өмірбек Бақдәулет болатын.
Сонымен, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы бойынша бірінші орын Павлодар облысынан келген «Қайсар» əскери-патриоттық клубына бұйырса, екінші орыннан Батыс Қазақстаннан келген «Жігер» əскери-патриоттық клубы көрінді. Ал, үздік үштікті Астана қаласының «Жас бүркіт» əскери-патриоттық клубы қорытындылады.
Әли ТЕМІРБЕК.
07 тамыз 2018 ж. 1 031 0