№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 9 маусымда Президент сайлауы өтеді

9 маусымда Президент сайлауы өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".

Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты.
"Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам", - деді Мемлекет басшысы. 
Соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өткенболатын. Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайызын жинады. Сайланған Мемлекет басшысының өкілеттілігі 2020 жылдың сәуір айына дейін белгіленген.
Еске салайық, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен болатын. "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіндегі алғашқы сөзі
Ал 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтқан болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін және оның адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтқан еді.


09 сәуір 2019 ж. 1 150 0