№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ҮНДЕУ

ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ҮНДЕУ


Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
халыққа Үндеуінен үзінді. Иә, Президент кезектен тыс сайлауға аса жауапкершілікпен қарап, Мемлекет басшысы ретінде өз міндеті мен жауапкершілігін терeң сезінетінін жеткізді. Бұл өз кезегінде қазақ жұрты үшін сенімді серпіліс сыйлайтыны анық. Әсіресе, өңірлерді аралап, халықтың көңіл-күйін бағдарлап жүрген Елбасының кемел келешекке ұстанар бағыты ел үшін аса маңызды.
Озық отыздыққа ұмтылған Қазақстанның алға қойған мақсаты айқын. Десе де, Президент әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру жолында нақты айқындық қажет екенін жеткізді. Ендігі жерде жұмыла жұмыс жасаудың тетігі тұр.
Қазақта «көшбасшысы жоқ ел оңбайды» деген даналық бар. Сондықтан, алдағы сайлауға аса жауапкершілікпен қарап, ертеңіміз үшін Президент айтпақшы «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келетініне» сеніммен қарайтын кез келді. Ең бастысы, бірлігімізден береке, ынтымағымыздан ырыс кетпесін. 
         Жұман ӨТКЕЛБАЙ, ел ағасы
09 сәуір 2019 ж. 1 031 0