№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Түркия сайлау: Ердоған жеңіске жетті

Түркия сайлау: Ердоған жеңіске жетті


Түркияда президент сайлауында Режеп Тайып Ердоған көп дауыс жинады.Түркия әлемге демократия сабағын үйретті деп мәлімдеді Ердоған.
«Сайлауға келушілер саны 90 пайызға жетіп, әлемнің көптеген елдеріне үлгі көрсеттік. Ең бастысы Түркияның барлық жерінде сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанына көңіліміз толады», – деді түрік көшбасшысы.
Ердоған халқын бірлікке шақыра отырып, ұлт мүддесі үшін қызмет етуге үндеді, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.
«Сайлау алды кезеңдегі болған барлық өкпе-ренішті, келіспеушілік пен ұрыс-керісті артта қалдыру керек. Еліміздің болашағы үшін күш-жігерімізді ортақтастырар кез келді», – деді мемлекет басшысы. Президент сайлау үдерісі мен дауыс беру нәтижелерін сынаудан бас тартуға үндеді.
«Ешкім өзінің сәтсіздіктерін жасыру үшін сайлау үдерісіне көлеңке түсірмеуі тиіс», – деді Ердоған.
Ердоған 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында дайын екенін алға тартты. Түркия елі Ердоғанның жетекшілігіндегі Әділет және даму партиясының жеңісін атап өтуде.

26 маусым 2018 ж. 1 220 0