Қазақстанның сыртқы қарызы 158,8 млрд долларға жеткен
2019 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларына жеткен.
Ұлттық банк осылай хабарлады. Еске салайық, өткен жылдың 4-тоқсанында елдің сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарған болатын. Қарыздың шамамен 63 жарым процентін бұрынғысынша фирма-аралық берешек, 25%-ін шырмалмаған кредиторлар алдындағы сыртқы борышы, 7,8%-ін мемлекеттік сыртқы борыш, яғни Үкімет пен Ұлттық банк, 3,6%-ін «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері алып отыр. Фирма-аралық берешек ірі кен өндіруші және көлік компанияларының шетелдік ұйымдарынан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1 миллард 800 млн АҚШ долларына қысқарды. Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылдың 4-тоқсанында 560 млн 500 мың АҚШ долларына азайып, 47 млрд 200 млн долларды құрады.
Ақтөбеде шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі жылыжай салынды. Қалаға жұмыс сапарымен барған сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев облыстық Инвесторларға қызмет көрсету орталығын көрді. Сондай-ақ «Ақтөбе" индустриялық аймағында орналасқан жобалармен танысты. Вице-министр инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырысына да қатысты. Қазақстанға ақша қаражаты ғана емес, технологиялар трансферті де инвестицияланды. Аталған жылыжайда бесінші буындағы ең жаңа технология, Нидерландының өзінде бірнеше шаруашылықтарда ғана қолданылатын ультра-климаттық жүйе бар. Жылыжай кешенінде қызанақпен қатар, болашақта баклажан түрлері де отырғызылады. Өнімді өткізу нарығы ретінде Ақтөбемен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен көрші Ресей таңдалынып отыр. Алдағы уақытта экспорт үлесін 80%-ке дейін жеткізу көзделген. Кәсіпорын толық қуатқа шыққан кезде жылыжайда 12-15 мың тонна көкөніс жиналады.
Солтүстік Қазақстанда ет экспорты ұлғайтылады. Өнім сапасы халықаралық талапқа сай болу үшін өткен жылы Тайынша ауданында 3 мың ірі қараға шақталған бордақылау алаңы ашылды. Облыстық Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, қазір мұнда 400-ге жуық қазақтың ақбас, герефорд және ангус тұқымды ірі қара мал семіртіліп жатыр. Етті тұқым болғандықтан әрқайсысының салмағы 2 центнерге дейін жетеді. Осы жылы мал бордақылау кешенін толтыру жоспарланып отыр. Сапасы жоғары ет алу үшін тек асыл тұқымды мал жемделеді. Өнім әзірше ел ішінде саудаланса, болашақта Ресей мен Қытай мемлекеттеріне де экспорттау көзделген.
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 1 доллар 17 центке өсіп, 70 доллар 48 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 98 центке арзандап, бір баррелі 63 доллар 8 центке тең болды.

ДЕРЕККӨЗ: 24.kz