№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға азайған - Ұлттық банк

Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға азайған - Ұлттық банк

2018 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға қысқарып, 47,2 миллиард доллар болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 миллион долларға азайып, 47,2 миллиард доллар болды. Бұл ретте мемлекеттік сектор және "Банктер" қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болып, ал "Басқа секторлар" таза қарыз алушылар. "Басқа секторлардың" үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 миллиард долларға азайды, ол, негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 миллион долларға азаю), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың "Сбербанк России" ПАО алдындағы (371 миллион доллар) және "Қазтеміртранс" АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен болып отыр", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Банктегілердің мәліметінше, сыртқы борыштың 63,6 пайызын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25 пайызын байланысты емес кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 7,8 пайызын мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,6 пайызын "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) алып отыр.

ДЕРЕККӨЗ: BAQ.KZ
06 сәуір 2019 ж. 996 1

Randlaf от 16 маусым 2019 00:16
Doryx Where Can I Buy Medication Visa Accepted Alternativa Natural Priligy Cheap Meds4u cialis 20mg price at walmart Como Cortar Propecia Pharmacy X One isotretinoin isotret