«100 ЖАҢА ЕСІМ» иегері 7 отбасыға баспана салып берді
Қазығұрт ауданында кәсіпкер баспанаға мұқтаж 7 отбасыға үй салып берген.
Қазығұрт ауданының тұрғыны «Қазақстанның 100 жаңа есімі» иегері, кәсіпкер Сырым Ертаев өз есебінен тұрмысы төмен Алтынтөбе-2, Қарабау-3, Жаңабазар-2 отбасыларына, жалпы-7 үй салып берген – деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов айтып өтті.

Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов айтып өтті.

Қазығұрт тауы кешені мен Ақбура кесенесіне 355 млн. теңгеге облыстық бюджет есебінен жол салынған. «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел-туған жер» базалық бағыты бойынша ауыл кітапханаларын жаңғырту» республикалық жобасы аясында орталық кітапханада коворкинг орталығы ашылды. Коворкинг орталығындағы: кино, интернет залы, қолөнер, ағылшын, балалалар бөлімі, шахмат, шашка, қол теннис, 1-3 жас бөбектер алаңы тұрғындар игілігіне қызмет етуде. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазығұрт ауданының қасиетті киелі орындары» атты 50 каталог шығарылып, көпшілік назарына ұсынылған.