№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 4 сәуір – Бекзат Саттархановтың туған күні

4 сәуір – Бекзат Саттархановтың туған күні


4 сәуір – тәуелсіз ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған қазақ марқұм Бекзат Саттархановтың туған күні.
20 жасында олимп шыңын бағындырып, шаршы алаңда жасындай жарқыраған Бекзат Сейілханұлы көзі тірі болғанда бүгін 39 жасқа толар еді. Туған жері киелі Түркістан шаһарында Бекзатты еске алуға арналған бокстан дәстүрлі 18-халықаралық турнир басталды. Байрақты бәсекеге елімізден бөлек, 5 мемлекеттен 11 салмақ дәрежесі бойынша тәжірибелі спортшылар қатысып, бақ сынауда. Турнирге 2000 жылы Бекзатпен бірге Сидней олимпиадасына қатысып, алтыннан алқа таққан даңқты боксшымыз Ермахан Ибрагимов, сол кездегі ұлттық құраманың бас бапкері болған Тұрсынғали Еділовтер арнайы келді. Ермахан Ибрагимов Сидней олимпиадасы кезіндегі Бекзатқа қатысты естеліктерімен бөлісті.
Бұдан бөлек, қалалық мәдениет үйінде «Бекзат – жарқ еткен жұлдыз» атты мерекелік шара өтті. Оған Бекзаттың ата-анасы, туған-туыстары мен бауырлары және жастар қатысты. Алдымен Бекзат жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді. Өнерпаздар Бекзатқа арналған әсем әннен шашу шашса, жергілікті билік біртуар ұлдың ата-анасының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Батырдың ата-анасы да Бекзаттың арманы туралы айтып берді. 
Ермахан Ибрагимов, Олимпиада чемпионы:
- «Сіздің қызыл жейдеңіз бос екен ғой, мен соны киіп шығайын деп едім» дейді. Мен «саған үлкен болады ғой» десем, «жоқ, Ермахан аға, мен арқасын байлап алып шығамын» дейді. Теледидардан қарасаңыздар арқасын байлап алған. «Мен чемпионның жейдесімен шыққым келеді» дейді. «Мен әлі чемпион емеспін ғой» десем, «Ермахан аға, мен 100 пайыз сенемін, сіз чемпион боласыз» деп кеудемде жеңіс отын жағып берді. Сондықтан Б.Саттархановты мен ешқашан ұмытпаймын. Жүрген жерімде осы әңгімені айтып жүремін.
Сейілхан Саттарханов, Бекзаттың әкесі:
- Бекзаттың туған қаласы Түркістан үлкен шетелдің қалаларындай әдемі, көпқабатты үйлер тұрса, спорт кешендері болса деп армандайтын. Енді соның армандары орындалып келе жатқан сияқты. Облыс орталығы болдық, Құдайға шүкір. Спорт кешендері салынып жатыр. Бекзаттың арманы осы болатын.

ДЕРЕККӨЗ: 24.kz сайтынан.



04 сәуір 2019 ж. 761 0