» » ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Кеше Грецияда өткен бокстан жастар арасындағы Халықаралық турнирден атымтай жаңалық жетті. 69 келіде өнер көрсеткен Бектас Азамат қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді.  
Дәстүрлі турнирге бірнеше елден кіл мықтылар бақ сынады. Алғаш рет қатысып отырған Азамат алтыннан алқа тағынып отыр.
Айта кетейік, Құрбаш Саркулов пен Абайхан Дінмұхамедтен тәлім алған жас спортшы осыған дейін ел біріншілігінің жеңімпазы атанған еді. Сондықтан, Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту жасаған боксшыны құттықтап, келешегінен үлкен үміт күтеміз.
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН! КӨК ТУДЫ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕТІП, ӘНҰРАНДЫ ШЫРҚАТАР ЖАСТАР ӨСЕ БЕРСІН!
17 желтоқсан 2018 ж. 864 0