№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ – ЖОЮ МІНДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ – ЖОЮ МІНДЕТ


Аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кестесіне сәйкес көшпелі отырыс өтті. Онда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша сала басшылары мәлімдеме жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов модераторлық еткен жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік Байхожаев, департаменттің мемлекеттік қызмет істері басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов, мемлекеттік қызмет істері саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуаныш Әбілдаев, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Марал Байқуатова және кент, ауыл әкімдері, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. Модератор хабарламашыларға сөз берді.
– Елбасы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында негізгі басымдықтар мен міндеттерді атап өткен болатын. Басымды бағыттар қатарында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де бар. Осы орайда, алдымызда жүзеге асырылуы тиіс ауқымды міндеттер тұр. Бүгін, алда тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттерді айқындап белгілеп алатын боламыз. Аудандағы әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мен сыбайлас жемқорлық жағдайы мен профилактикалық шаралар жүргізу мәселесіне тоқталамыз, – деді алғашқы болып сөз алған департамент басшысының орынбасары Берік Ұзақұлы.
Айта кетейік, биыл агенттіктің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Соған орай, кең көлемде конкурс өткізу жоспарлануда. Агенттік өкілдері мемлекеттік қызметшілерді осыған белсенді атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, мекемелерде кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігі де сөз болды. Егер жұмыстан босаған адам қандай да бір басшылық тарапынан қысым көрсе, бұл мәселе де бей-жай қалмайтынын ескертті. 
Мемлекеттік қызмет істері саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуаныш Әбілдаев облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізілгенін атап өтті. Нәтижесінде, 50 мемлекеттік қызметкердің желісінен қызметшінің эмиджіне, этикасына сәйкес келмейтін 115 сурет жүктелгені анықталған. Оның ішінде, ойын-сауық кешінде, мейрамханаларда түскен суреттер көп жүктелгені белгілі болды. Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметшілер осындай олқылықтарға жол бермеуі керектігі айтылды.
Сонымен қатар, аталған агенттіктің тапсырмасына сәйкес, барлық қызметтік көліктерге арнайы белгі орнатылған болатын. Бірақ, қазіргі таңда, ол белгіні барлық қызметтік көліктерден кездестіре бермейсіз. Осыны қайта қалпына келтіру жайы да назардан тыс қалмады.
Ал, жемқорлықпен күрес қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі екендігі барлығымызға белгілі. Бұл қоғам дертінің алдын-алу және болдырмаудың бірден бір жолы – профилактикалық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінде. Мұны айтқан Бағдат Ізкенов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді тағы бір нақтылап алды. 
– Республика бойынша, өткен жылы 2237 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс анықталған. Қуантарлық жайт соңғы жылдары облыс бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санының төмендеуі байқалады. Мәселен, 2017 жылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 121 қылмыс тіркелген болса, 2016 жылы 145 жемқорлық фактісі анықталды. Яғни, өткен жылдың қорытындысы бойынша 16,6 пайызға азайып отыр. Мониторинг нәтижесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар негізінен мемлекеттік сатып алу, құрылыс, білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы саласында көп орын алуда, – деді Бағдат Ізкенов.
Сондай-ақ, ол Жаңақорған ауданындағы сыбайластық жемқорлықққа қарсы мобильді топ құрылып, 27 көшпелі отырыс өткізгенін айтып, жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ, сәуір айында «Адал жол!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафеталық марафон өткізілетінін айтып, облыс көлемінде өтетін шараға белсенді қатысуға шақырды.
Мұнан соң, мемлекеттік қызметшілер жұмысты жүйелендіру керектігі айтылды. Сөздің шыны керек, белгіленген жұмыстан тыс уақытта да қызмет орнында отырып, жұмыс жасайтындар көп. Енді, бұл мәселе де бақылауда болмақ. Әрбір тұлға жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, басқа уақытта отбасына көңіл бөлуі керек. Бұл бірінші кезекте. Ал екіншіден, мекеме қызметкері қолданатын құрылғылар, жарық, байланыс тарифтерді жұмыс уақытынан тыс қолдану мемлекетке де шығын келтіреді. Сол үшін, әрбір қызметкер жұмыс уақытын тиімді пайлану керектігін еске салды.
– Агенттік қазір мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында да жұмыс жасауда. Осы тұрғыда бөлім басшылары қызметкерлердің құқықтарын қорғауы керек. Қазіргі таңда басшылық тарапынан қызметкерді кезекті еңбек демалысына жібермеу, артық жұмыстарды жүктеу мәселесі бойынша да шағымдар келіп түсті. Барлығымыз да заң талабына сай жұмыс жасауға, белгіленген ережені бұзбауға міндеттіміз, – деді сала басшылары.
Сонымен бірге, цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігі айтылды. Қазіргі таңда, қағазбастылықтан арылып, электронды жүйеге көшу мәселесі қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл мемлекеттік қызметті жеделдетіп, сыбайластық дертін алдын алуға сеп болмақ.
Жиын соңында агенттік өкілдері мемлекеттік қызметшілердің сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасарлары Б.Байхожаев, Е.Қарымсақов сала құзырындағы мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
19 ақпан 2018 ж. 1 821 0