№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Министр нанның қымбаттауына байланысты пікір білдірді

Министр нанның қымбаттауына байланысты пікір білдірді

   Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астық пен нанның бағаларына қатысты жағдайды баяндады, - деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

   "Қазір астықтың бағасын өсіру, кәсіпорындардағы астықтың тапшылығы, соның салдарынан нан бағасының жоғарылау мүмкіндігі туралы мәселе көтеріліп жатыр", - деді Астанадағы брифинг барысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

   Ведомство басшысы әлеуметтік желілерде нан бағасының күрт жоғарылап кеткені туралы ақпаратқа қатысты сұраққа жауап берді.

  "Нанның 15-30 теңгеге қымбаттағаны туралы хабарлама бойынша, мұның бәрі бақылауда. Әр облыс пен ауданның әкімшілігі өз аймағында күн сайын нанның бағасын бақылап отырады. Біз, министрлік, Астанада да бағаларды бақылаймыз. Қазір қолымда 13 наурыздағы соңғы мәліметтер бар", - деді ауыл шаруашылығы министрі.

   Сапархан Омаровтың айтуынша, 2018 жылдың соңынан биылғы жылдың басына дейін астық қымбаттады. Министр астықтың бір тоннасы 75 мың теңгеге дейін өскенін айтты.

Е.Раймбек.


15 наурыз 2019 ж. 917 0